2026 жылғы 11 сәуір күні «Таным» көпбейінді кешені ШЖҚ МКК базасында «АПГРЕЙД – 2026» IV аймақтық форумы өткізілді.
Форумның миссиясы – педагогикалық құзыреттіліктерді іс жүзінде көрсету және кәсіби өзін-өзі анықтауды қолдайтын білім беру ортасын құру. Іс-шараның мақсаты – педагогикалық сынып білім алушыларының құзіреттіліктерін дамытуға бағытталған практикалық алаң қалыптастыру.
Аталған форумға Қытай Халық Республикасы, Украина, Болгария, Әзірбайжан елдерінен, сондай-ақ Павлодар, Рудный, Теміртау, Ақмола өңірлері мен Астана қаласының мектептерінен спикерлер қатысты. Іс-шараны «Думан» педагогикалық жасағы модерациялады.
Форумға мектебіміздің командасы белсенді қатысып, «Бейімбет ұрпақтары» тобы (жетекшісі – Ләйлә Сағиқызы) «Болашақ – бізбен бірге!» ұранымен өнер көрсетті.
Форум бағдарламасы бірнеше бағыттағы алаңдар бойынша ұйымдастырылды. «Қосымша білім беру сарапшыларының шеберлік сыныптары», «Ғылыми-техникалық бағыт», «Командалар Showcase» және спорт бағыттары бойынша түрлі іс-шаралар өткізілді.
Форум қорытындысы бойынша іс-шара қатысушыларға ерекше әсер қалдырып, білім алушылардың танымдық белсенділігін арттыруға ықпал етті. Үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар марапатталды.