Осы бағытта білім ордамызда педагогтарға арналған Монтессори әдісі негізінде «Баланың табиғи дамуын қолдау: тәжірибе мен әдіс» тақырыбында шебер сынып ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – ұстаздардың кәсіби құзыреттілігін арттыру, Монтессори технологиясының мазмұнын терең түсіндіру және оны оқу үдерісіне тиімді кіріктіру жолдарын көрсету.
Шебер сынып барысында қатысушылар:
– арнайы дидактикалық материалдармен жұмыс жасады;
– баланың өзіндік әрекетін дамытуға бағытталған тапсырмаларды орындады;
– сенсорлық, танымдық және шығармашылық қабілеттерді жетілдіру тәсілдерімен танысты.
Практикалық бөлімде әр педагог өз тәжірибесінде қолдануға болатын әдістерді сынақтан өткізіп, оқытудағы жаңа көзқарастың артықшылықтарына көз жеткізді. Монтессори ортасының негізгі қағидалары – еркіндік, тәртіп, дербестік – нақты мысалдар арқылы көрсетілді.
Шебер сынып жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар арасында белсенді пікір алмасу алаңына айналды. Нәтижесінде педагогтар білім беру сапасын арттыруға бағытталған жаңа идеялармен толықты.
Өткізген :Бастауыш сынып мұғалімі Альжанова Макпал Муратовна