№52 мектеп-гимназиясының мұғалімдері мен оқушылары республикалық және халықаралық деңгейдегі білім додаларында жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп, мектептің абыройын асқақтатты.

2026 жылдың 4–5 мамыр күндері Бішкек қаласында Н.А. Оразахынованың «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы зертханасы аясында «Сатылай кешенді оқыту технологиясының халықаралық қатынастардағы рөлі» атты халықаралық саммит өтті. Аталған білім алаңына Қазақстан, Қырғызстан, Моңғолия және басқа да елдердің ұстаздары мен оқушылары қатысып, тәжірибе алмасты.

Саммит аясында ұйымдастырылған оқушылардың ауызша командалық олимпиадасында №52 мектеп-гимназия оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді:

2 «А» сыныбы Өмірсерік Алдияр – І орын Алпысбай Медина – І орын Хайрат Адила – ІІ орын Серікпаева Адель – ІІ орын Жетекшісі: Альфия Сериккалиевна

2 «Ғ» сыныбы Серікқан Ерсұлтан – І орын Қалжігіт Абай – ІІ орын Жетекшісі: Ултуған Мырзахановна

3 «З» сыныбы Камал Бейбарыс – І орын Хожан Зере – І орын Жетекшісі: Дауа Сейсенбекқызы

7 «Б» сыныбы Аманжолұлы Селим – І орын Абилкасым Жания – І орын Жетекшісі: Гулжаухар Худайбергеновна

Мұғалімдер олимпиадасында Гулжаухар Худайбергеновна мен Мариям Айтановна ІІ дәрежелі дипломдармен марапатталды. Бұл жетістік педагогтердің кәсіби біліктілігі мен үздіксіз еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Барлық жеңімпаз оқушылар мен олардың жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жетістіктер – білімге деген ұмтылыс пен жүйелі еңбектің айқын нәтижесі. Алдағы уақытта да биік белестер мен жаңа табыстар тілейміз!

▲