“Адал азамат” біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Бірлік күні» мерекесіне орай, «Бірлікпен биік белестерге” атты Б. Майлин атындағы 52 мектеп- гимназиясының ауласында іс- шара ұйымдастырылды. Іс -шараға 5-7-сынып оқушылары қатысты. 700 - ден аса оқушы бір мезетте арнайы композицияға тұрып, “ ШАҢЫРАҚ” келбеті мен “ БІРЛІК КҮНІ” жазуын бейнеледі. Музыкалык, эуенмен балалар флешмобтың коркем мазмұнын ашатын түрлі би қимылдарын орындады. Бірлік – біздің басты құндылығымыз, ең мықты тірегіміз. Ел ішіндегі ынтымақ пен түсіністік бар жерде әрдайым береке мен даму болады. Сондықтан бүгінгі мереке – тек қуаныш қана емес, сонымен қатар оқушыларға ортақ жауапкершілігімізді сезінетін ерекше күн. Оқушылардың бойында адамгершілік, татулық, мейірімділік қасиеттері артты.