Мектебімізде №1 мектепішілік ата-аналар жиналысы өтті.
Жиын барысында мектеп, оқушы және ата-ана арасындағы өзара жауапкершілік, білім сапасын арттыру, оқушыға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету, сондай-ақ оқушылардың оқу және шығармашылық жетістіктері туралы маңызды мәселелер талқыланды.
Кездесу соңында ата-аналардың сұрақтарына жауап беріліп, бала тәрбиесі мен білім беру жолындағы ортақ міндеттер айқындалды.
Бала жетістігі — мектеп пен ата-ананың бірлескен еңбегінің нәтижесі. 🌱