2026 жылғы 16 сәуір күні Шерхан Мұртаза атындағы №63 мектеп-гимназия базасында қоғамдастық мектептер арасында «Lesson Study» тәжірибесін цифрлық технологиялармен интеграциялау арқылы оқыту сапасын арттыру тақырыбында қалалық семинар өтті.

Аталған семинарға Б.Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясының ұстаздары белсенді қатысып, өз іс-тәжірибелерімен бөлісті. Атап айтқанда, Шынар Әбдікәрімқызы, Зульфия Амангазиевна, сондай-ақ жас мамандар Диана Алтынбекқызы мен Маржан Болатқызы педагогикалық шеберліктерін көрсетіп, заманауи әдіс-тәсілдермен таныстырды.

Семинар барысында «Lesson Study» тәсілін цифрлық технологиялармен ұштастыру арқылы оқыту сапасын арттыру жолдары талқыланып, тәжірибе алмасу алаңы қалыптасты.

Іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылып, қатысушылар тарапынан оң бағасын алды.

▲