16.04.2026 күні мектебімізде рухани-танымдық бағыттағы маңызды іс-шара ұйымдастырылды. «Бала Абай» жобасының авторы Алмахан Мұхамедқалиқызымен кездесу өтті.
Кездесу барысында автор жобаның мақсаты мен мазмұны туралы кеңінен айтып, ұлттық құндылықтарды дәріптеу мен рухани тәрбиенің маңызына ерекше тоқталды.
Іс-шара барысында оқушылар мен ұстаздар автордың еңбегімен танысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, мазмұнды пікір алмасты. Кездесу қатысушыларға үлкен әсер қалдырды.
Осындай тағылымды кездесулер өскелең ұрпақтың рухани дамуына зор үлес қосады.
Ұйымдастырушылар: Ажиханова А.А., Кунафина Д.А., Досанова Ж.Ж.