Биылғы оқу жылынан бастап мектебімізде оқушылардың интеллектуалды қабілетін дамыту мақсатында «Шахмат негіздері» таңдау пәні енгізілді. Шахмат — тек ойын емес, ол логиканы, стратегиялық ойлауды және төзімділікті шыңдайтын үлкен өнер.

Таңдау пәнінің мақсаты:

Оқушылардың есте сақтау қабілетін арттыру;

Шешім қабылдау жылдамдығы мен жауапкершілігін қалыптастыру;

Зейінді бір арнаға шоғырландыруды үйрету.

Қазіргі таңда бұл пәнге түрлі сынып оқушылары белсенді қатысуда. Тәжірибелі жетекшілердің нұсқауымен оқушылар тек ойын ережелерін ғана емес, сонымен қатар күрделі комбинациялар мен тактикалық әдістерді меңгеруде.
Жаңа таңдау пәнінің алғашқы нәтижелерін саралау және оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында жақында мектебімізде айтулы оқиға өтті. 1 Ә және 1 Б сынып оқушылары арасында шахматтан жолдастық жарыс ұйымдастырылды.
Тақта үстінде нағыз зияткерлік шайқас өрбіді. Жас гроссмейстерлеріміз өздерінің алғашқы стратегияларын қолданып, әр жүріс үшін ойланды. Жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.Жеңімпаздар мен жүлдегерлер мектеп әкімшілігінің грамоталарымен марапатталды. Бұл дода — біздің жас шахматшыларымыздың тақта үстіндегі алғашқы жеңістері мен үлкен болашаққа жасаған маңызды қадамы.

▲