Сәуір айы мектебіміз үшін жарқын жеңістер мен жоғары жетістіктерге толы болды. Оқушыларымыз спорттың әртүрлі түрлері бойынша өткізілген жарыстарда белсенділік танытып, мектеп намысын абыроймен қорғады.
1.Степнагорск қаласында 2013–2014 жылы туған қыздар арасында өткен волейболдан «DARYN CUP» балалар мен жасөспірімдердің облыстық ашық фестивалінде №52 мектеп-гимназиясының «Алаш батыр» командасы І орын иеленді. Команда құрамындағы 7-сынып оқушылары жоғары дайындық пен ұйымшылдықтың үлгісін көрсетті. Жетекшісі – Ғалымжанов Абылай.
2.Сонымен қатар, дене шынықтыру апталығы аясында 9-сыныптар арасында шағын футболдан жарыс ұйымдастырылып, оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттауға ерекше көңіл бөлінді. Жарыс қорытындысы бойынша 9 «Ә» сыныбы І орын, 9 «Г» сыныбы ІІ орын, ал 9 «Б» сыныбы ІІІ орын иеленді.
3.Сондай-ақ, Жамбыл облысы Бауыржан Момышұлы ауданында өткен қазақ күресінен республикалық турнирде мектебіміздің оқушысы Нығметжан Иса жүлделі ІІ орынға ие болды. Жеке бапкері – Қосым Мереке Маратұлы.
Мектебіміздің спортшы оқушыларын және жетекшілерін шын жүректен құттықтаймыз! Жеңісті жолдарыңыз жалғасып, алар асуларыңыз биік болсын!