«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында Астана қаласы әкімдігінің «Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында» «Түлектер аллеясы» ағаш отырғызу экочелленджі өткізілді. Іс-шараға 10–11 сынып түлектері, «Жер елшілері» жастар экологиялық қозғалысының мүшелері және «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС өкілдері қатысты.
Экочеллендждің мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатқа жанашырлықпен қарау және белсенді азаматтық ұстанымды дамыту.
Іс-шара барысында мектеп аумағына 200 түп ағаш отырғызылып, «Түлектер аллеясы» бой көтерді. Бұл бастама – қоршаған ортаны қорғауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.
Аталған игі іске қолдау көрсеткен «Қазақмыс корпорациясы» ЖШС-на, «Жер елшілері» қозғалысының мүшелеріне, мектеп ұжымына және барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз.
#ТазаҚазақстан#ТүлектерАллеясы
#ЭкоЧеллендж