2026 жылғы 26 мамырда Астана қаласы әкімдігінің Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» жалпыұлттық бастамасы аясында «Қазақстандағы Израиль Елшілігінің аллеясы» ағаш отырғызу экологиялық акциясы жоғары деңгейде ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шараны Астана қаласы әкімдігінің «Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназия» ШЖҚ МКК, Қазақстандағы Израиль Елшілігі, Балаларға қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы және «Жер елшілері» бүкіләлемдік жастар экологиялық қозғалысының мүшелері бірлесіп ұйымдастырды.
Экологиялық акцияға мектеп әкімшілігі, педагогтер, оқушылар, Қазақстандағы Израиль Елшілігінің өкілдері, сыртқы істер саласының өкілдері, сондай-ақ «Жер елшілері» жастар қозғалысының мүшелері қатысты.
Шара барысында мектеп аумағына 50 түп ағаш көшеттері отырғызылып, «Қазақстандағы Израиль Елшілігінің аллеясы» ашылды. Сонымен қатар, экологиялық бастаманың маңызын айқындайтын естелік тақтасын орнату рәсімі өтті.
Іс-шараның басты мақсаты – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, табиғатты қорғау құндылықтарын дәріптеу, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру және халықаралық ынтымақтастықты нығайту.
Аталған бастама өскелең ұрпақтың белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыруға және қоғам назарын экологиялық мәселелерге аударуға бағытталған маңызды экологиялық жоба болды.
#ТазаҚазақстан
#IsraelEmbassyAlley
#Астана2026
#ЖасылМектеп
#EarthFoundation
#АдалАзамат
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar
@qosymsha_ast
@didar_baitasov