Ана тіліміздің мерейін асырып, мәртебесін көтеру мақсатында өтіп жатқан дәстүрлі Тілдер апталығы аясында мектебімізде айтулы шара болып өтті! 📚
Оқушыларымыз бен ұстаздар қауымы «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі, белгілі ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі *Жұлдыз Тойбекпен* мазмұнды да әсерлі кездесу өткізді. 🎉
Ашық жүздесуде Жұлдыз Тойбек ана тіліміздің байлығы, оның тарихы мен болашағы, сөз өнерінің құдіреті туралы тағылымды ой қозғап, оқушыларға ана тілін құрметтеу мен кітап оқудың маңыздылығын жеткізді. Оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға тұщымды жауап беріп, өзінің жүрекжарды өлеңдерінен оқып берді.
Өз кезегінде мектеп өрендері де ақынның қаламынан туған жырларды жатқа айтып, сөз зергеріне ерекше көңіл-күй сыйлады.
Ана тіліміз — еліміздің біртұтастығы мен тәуелсіздігінің басты кепілі. Тілімізді ұлықтайтын осындай кездесулер жас ұрпақтың бойында отаншылдық пен ұлттық рухты қалыптастырары сөзсіз!