2026 жылғы 06–10 сәуір күндері Астана қаласы әкімдігінің Бейімбет Майлин атындағы №52 мектеп-гимназиясында жаратылыстану пәндері (биология, география, химия) бірлестігінің апталығы өткізілді.
Апталықтың мақсаты – оқушылардың жаратылыстану бағытындағы білімдерін тереңдету, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, заманауи цифрлық ойлау дағдыларын дамыту және инновациялық ізденіске баулу.
Апталық аясында «Жаратылыстану ғажайыптар әлемі» ашылуы, «Ғарыш әлеміне саяхат» интеллектуалдық сайысы, «Жануарлардың көбею формалары», «Адам ағзасындағы химиялық элементтер» тақырыптарындағы ашық сабақтар, «Geo-Quest 2026» экспедициясы, «Brain Rain» интеллектуалдық сайысы және «BIO LIFE SHOW» шеберлік сабағы ұйымдастырылды.
Оқушылар барлық іс-шараларға белсенді қатысып, өз білімдері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
Апталық қорытындысы бойынша белсенді қатысушылар марапатталып, грамоталар мен алғыс хаттар табысталды

▲