




Мектепке қабылдау
📌Құрметті ата-аналар!
📌2024 жылдың 1 сәуірі мен 31 тамыз аралығында 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжаттар қабылдау басталатынын хабарлаймыз!
🔗 Мектепке құжаттар egov.kz веб-порталы арқылы электрондық нысанда жіберіледі.
📌Құжаттарды электронды нысанда жіберу ата-ананың немесе баланың заңды тұлғалары арқылы жүзеге асырылады.
📌ҚАБЫЛДАУҒА ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:
1. Ата-аналардың немесе өзге де заңды өкілдердің өтініші
2. Баланың туу туралы куәлігінің сканерленген нұсқасы
3. 3х4 баланың цифрлы фотосуреті (ақ түсті жейдемен) сканерленген нұсқасымен
4. №065/у «профилактикалық егу картасы» нысанындағы медициналық анықтамалар
5. №052-2/у «бала денсаулығының паспорты» нысанындағы медициналық анықтамалар
📌Электронды форматта өтініш берілгеннен кейін қағаз түріндегі құжаттар мектепке тапсырылу қажет. Сондай-ақ, құжаттарды қағаз түрінде тапсырған кезде баланың ата-анасының немесе заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты қосымша ұсыну қажет.
📌Қабылдау комиссиясының жұмыс уақыты: дүйсенбі-жұма күндері 09:00-17:00, түскі үзіліс 13:00-14:00
